Жасыл экономика

«Арнұр Кредит» МҚҰ шағын және орта бизнестің басшылары немесе иелері болып табылатын кәсіпкер әйелдерге Жасыл кредиттер ұсынады
«Арнұр Кредит» МҚҰ Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы шеңберінде микро (оның ішінде ЖК және өзін – өзі жұмыспен қамтығандар), шағын және орта бизнестің басшылары немесе иелері болып табылатын кәсіпкер әйелдерге Жасыл кредиттер ұсынады.
Жасыл несиелер мыналарға арналған:
Энергия шығынын азайту және тиімділігін арттыру мақсатында энергия тиімді жабдықтар мен материалдарды пайдалана отырып, тұрғын үй мен бизнесті жаңғыртуға мүмкіндік беру.
Ескі жабдықтар мен материалдарды, соның ішінде терезелерді, жылыту және желдету жүйелерін және қасбеттік жүйелерді үнемді жабдыққа ауыстыру арқылы тұрғын үй мен бизнестің энергия тиімділігін жақсарту.
Жылыжайларды, суару жүйелерін, жер мен егін дайындау жабдықтарын және басқаларын қоса алғанда, ауыл шаруашылығындағы көлік құралдары мен жабдықтарды ауыстыру және жаңарту.
Санаттардың, сондай – ақ қолайлы жабдықтар мен материалдардың толық тізімін жасыл технологиялар Селекторының (Green Technology Selector) - Қазақстанның құрылыс нормаларына, әлемдік стандарттарға және энергия үнемдеу жөніндегі Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің талаптарына сәйкес келетін энергия тиімді жабдықтар мен материалдардың ғаламдық онлайн дерекқорының сайтынан қараңыз.
Бизнес үшін артықшылықтар:
Заманауи және энергия тиімді технологияларды орнату есебінен энергия тиімділігін арттыру
Энергияны, суды және басқа ресурстарды тұтынуды азайту, демек, шығындарды азайту
Жабдықтың өнімділігі мен сенімділігін арттыру
Өнім сапасын жақсарту
Табыстылық пен бәсекеге қабілеттілікті арттыру
Міндеттерді сапалы энергия тиімді материалдармен шешу
Қоршаған орта экологиясын ойлайтын компания ретінде имиджді арттыру
Жасыл экономикаға көшу жөніндегі жаһандық міндетке жәрдемдесу
Бізге хабарласыңыз
Байланыс мәліметтерін қалдырыңыз және біздің менеджер сізді қызықтыратын кез келген мәселе бойынша кеңес беру үшін жақын арада сізбен байланысады